Меню KDT
МЕНЮ

«Атамекен» этнолагері.



Мектебімізде «Атамекен» жазғы этнолагері өз жұмысын бастап кетті. Мақсатымыз – халқымыздың салт-дәстүрлерін оқушыларға көрсете отырып, насихаттау, олардың бойына елжандылықты қалыптастыру, патриоттық сезімдерін арттыру деп атап көрсетті. Мектеп директоры Б.А. Баймуратова «Оқушыларымызды мектеп ауласындағы этноауылға шақыру арқылы ұмыт бола бастаған дәстүрлерді үйретеміз, көрсетеміз» дейді. Бүгін тәлімгерлермен бірге оқушылар ұлттық тағам түрлері: бауырсақ, шелпектің нанын өз қолдарымен илеп, жайып, кесіп, пісіріп, дайындалған тағамнан дастархан басындағы қатысушылар дәм ауыз тиіп, алған әсерлерін ортаға салды. Этнолагерьдегі әр күнде өлке тарихымен, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдеп -ғұрпымен, қолданбалы өнердің қыр -сырын меңгеріп, домбыра тартуды, сондай-ақ түрлі ұлттық ойындармен таныспақ. ВИДЕО КӨРУ

08.06.23