Меню KDT
МЕНЮ

«Тіл – ең асыл құндылық»



 
Тәрбиенің негізгі құралы – тіл, ол ұлттың тарихи көрінісінің белгісі болып табылады. Тіл мерекесі аясында №43 қосымша білім беру мектеп-орталығында 5 қыркүйектен 13 қыркүйек аралығында «Тіл – ең асыл құндылық» атты қалалық бейнеролик байқауы өтті. Байқау мемлекеттік тілінде, орыс тілінде оқитын оқушылардың басқа тілдерді меңгеруге деген шығармашылық қабілеттерін жандандыруды, сөйлеу мәдениетінің деңгейін арттыруды, оқушылардың тілге деген құрметтерін арттыруды, жас ижеткіншіктерді өз елінің тілін, жерін, тарихын сүйетін білімді де сауатты тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруды және олардың бойында толеранттылықты тәрбиелеуді негізге ала отырып ұйымдастырылды. Қатысқан мектептер: №13 ОМ, №38 МЛ, №43 ҚББ МО, №51 МГ, №64 МЛ.

Бейнероликтердің қорытындысы бойынша:
№13 ОМ – «Асыл мұра», №38 МЛ – «Тіл жанашыры», № 43 ҚББ МО – «Асыл ұрпақ», №51 МГ – «Тіл шебері» , №64 МЛ – «Тіл мұрагері» номинацияларымен марапатталды.

Тілім менің ерлігім де елдігім,
Кемеңгерім, шешендігім, кеңдігім.
Тілім менің – мөлдірлігім, пәктігім,
Ойлылығым, тереңдігім, теңдігім – деп байқауға қатысқан ұжымға алғысымызды білдіреміз.

15.09.23