Меню KDT
МЕНЮ

Ата-аналарға арналған бірыңғай ашық есік күні өтті.



Қыркүйектің отызы күні мектебімізде ата-аналарға арналған бірыңғай ашық есік күні өтті. Ұйымдастырылған “Біз біргеміз” тренингі көпшілік көңілінен шықты. Ата-аналарға үйірмелер туралы, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға арналған жобалар тізбесі бойынша таныстырылым жасалып, мектеп өмірінен ақпараттар берілді. Әлеуметтік педагогтар мен мектеп психологтары ата-аналардан түскен сұрақтарға жан-жақты жауаптар берді. “Ата-әжелер” ұйымы өкілдері балалармен кездесу сағаттарына қатысып, ақыл-кеңес, бата берді. Білім ордасындағы  ұстаз-ата-ана-оқушы үштік одағының байланысы басты назарға қойылып, бала тәрбиесінде ата-ананың маңызы ерекше екендігі  мектеп кітапхансында өткен кездесу сағатында баяндалып, ата-аналармен «Еркін микрофон» әдісі арқылы кері байланыс алынды. «Оқушы үні» арқылы да  оқушылар белсенділігі мен ата-аналар жауапкершілігін арттыруға бағытталған ашық сұхбат өтті. ВИДЕО КӨРУ

30.09.23