Меню KDT
МЕНЮ

Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем!



Мектебімізде, 2023-2024 оқу жылының 5 қазан Ұстаздар мерекесіне байланысты «Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем!» атты салтанатты шара өткізілді. Іс – шараны мектебіміздің директоры Баймуратова Бану Әлімжанқызына сөз беріліп, өзінің жылы лебізін білдіріп, құттықтау сөзімен ашып, елімізде мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп отырғанын, ұстазынан озар шәкірттерінің көбейе беретініне сенімді екенін жеткізді. Сондай-ақ білім саласында ұзақ жылдан бері талмай еңбек етіп, табыстарға қол жеткізіп жүрген бірқатар ұстаздарды құттықтады. Іс-шара барысында, мектебіміздің оқушылары ұстаздарға арнап жылы ізгі – тілектерін білдіріп, өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, өздерінің жүректен шыққан құттықтаулары мен алғыстарын білдірді. Сондай-ақ «Сарыарқа Үлгілі» би ансамбльі, «Нәзік әуен» вокалды ансамбльі, «Самғау» дуэті, «Самғау» триосы ұстаздарға өз өнерлерін көрсеттіп, концертіміздің көңілді өтуіне ат салысты. Іс – шарамыздың соңы ұстаздарға арнап 2- сынып оқушыларының «Ұстазым» атты хорымен аяқталды. Ұстаз ақыл-ойы мен күш- қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек ететін ұстаздарымызға шығармашылық табыстар тілеп, кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! ВИДЕО КӨРУ

05.10.23