Меню KDT
МЕНЮ

“Мектеп” жедел-профилактикалық іс-шара.



Ағымдағы жылғы 26 қазаннан 02 қарашаға дейінгі аралықта республика аумағында “Мектеп” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Осы орайда, “Алматы” ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПБ инспекторы полиция капитаны Айгерім Даркембаева мектебіміздің барысы, сонымен қатар, жасөспірімдер арасындағы ұсақ бұзақылық, әлімжеттік, буллингті алдын-алу, балалардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп-жүруінсіз жүру және т.б. мәселелер қозғалды. Тәлім мен тәртіптің маңыздылығы кеңінен талқыланып, қылмыс пен құқықбұзушылықтар үшін қарастырылған жауапкершілік түрлері де түсіндірілді.
Дәріс кезінде оқушылар өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.

26.10.23