Меню KDT
МЕНЮ

"Креативті тапсырмалардың рөлі” тақырыбында шебер –сынып өтті.



2023 жылы 30 қазан күні мәжіліс залында  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері бастамасымен іс-тәжірибе алмасу апталығының алғашқы іс-шарасы өтті. Пән мұғалімдері  Ондыбаева Айжарқын, Ибраймова Тоқжан “Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқу мақсаттарына жету жолындағы креативті тапсырмалардың рөлі” тақырыбында шебер –сынып өткізіп,    іс-шараға  ағылшын, тарих, орыс тілі пәні мұғалімдері де қатысты. Қазақ әдебиетіндегі жаңа жанр комиксті оқу мақсаттары жүйесінде қалай тиімді пайдалануға болатынын, детальмен оқыту т.б. креативті тапсырмалар жасаудағы өз тәжірибелерін, қызықты жұмыстарымен бөлісті. Шебер сынып соңында қатысушылар өз пікірлерін, ұсыныстарын ортаға салды. ВИДЕО КӨРУ

30.10.23