Меню KDT
МЕНЮ

«Тәуелсіздік – тұмарым, Бәйтерегім – шырағым» мәнерлеп оқу сайысы.



Мектебімізде, Тәуелсіздік мерекесіне орай, 6 – сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік – тұмарым, Бәйтерегім – шырағым» тақырыбы аясында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайыстың басты мақсаты : Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, Атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт - бағдар беру, сондай – ақ, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу. Жалпы айтқанда өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Сайыс барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп , өлеңдерді мәнерлеп айтты. Оқушылар арасында 6 "Б" сынып оқушысы Бакетова Кенжекей бас жүлдемен марапатталды.

14.12.23