Меню KDT
МЕНЮ

«Қ.Бітібаеваның ұстаздық түлғасы» атты қалалық дөңгелек үстел.



№64 мектеп-лицейде «Қ.Бітібаеваның ұстаздық түлғасы» атты қалалық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Астана қаласы «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Ж. Маманова, №64, №72 мектеп-лицейіндегі ғылыми-әдістемелік зертхана мұғалімдері ұйымдастырды. Дәуірдің дара ұстазы, Қазақтың Қанипасы атанған ардақты ұстаз Бітібаева Қанипа Омарғалиқызына арналған дөңгелек үстел мақсаты: қазақ әдебиетін оқытуда ұстаз технологиясын жаңа білім мазмұнымен ұштастыра қолданып жүрген педагогтердің іс-тәжірибесін тарату, ұстаздың әдебиетті оқытудағы ерен еңбектерін насихаттау болды. Іс-шараға қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері және «Құрмет» ордені иегері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген мұғалімі, құрметті профессор, академик  Қанипа Бітібаеваның шәкірті Өскемен қаласындағы Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы мектеп-гимназия-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі, Республикалық «Үздік педагог-2023» жеңімпазы, Қ. Бітібаеваның атындағы зертхана меңгерушісі, PhD докторант Мұқашева Меруерт Қозықанқызы қатысты. Дөңгелек үстел екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде – шараның ашылуы мектебіміздегі ұстаз атына берілген зертхана бөлімшесінде басталды. Сөз басын мектебіміздің директоры Б.А.Баймуратова бастады. Семинарға келген қонақтарға жылы лебізін білдіріп, сөзін қорытындылады. Осы кезекте Қ.Бітібаеваға арналған зертхана туралы Г.А.Букенова сөз алды: «Бітібаева шеберханасы 2011 жылдан бастап жұмыс істейді. Зертхананың ашылу салтанатына Хан апамыздың өзі қатысып, қызыл лентаны бұйыру құрметі де өзіне бұйырған еді. Сол уақыттан бастап өз жұмысын жалғастырып келеді. Қазіргі уақытта да зертханамызда түрлі әдістемелік, ғылыми-практикалық жұмыстар жүргізілуде. Өз жұмысымызда Қ.Бітібаеваның оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу бағытындағы сабақтардың әдістемесі мен технологияларын ұстаздар қауымы қолданып келеміз. Ұтымды әдіс-тәсілдерін басшылыққа ала отырып, сабақ үрдісінде қолдана білген Қ.О.Бітібаеваның технологиясы – ұстаздарға таптырмас тәсіл. Сабақты жан-жақты ойластырып, уысында ұстай білген адамның ұтары көп» деп сөзін қорытындылады. ВИДЕО КӨРУ

22.12.23