Меню KDT
МЕНЮ

ҚР Қарулы Күштерінің әскери-тарихи музейі.



«Музейге саяхат» жобасы аясында мектебіміздің 5 «М» сынып оқушылары ҚР Қарулы Күштерінің әскери-тарихи музейіне  ата-ата—оқушы-ұстазы үштігінде  музейге саяхаттап келді.  Саяхаттау барысында балаларға музейдің барлық залына экскурсия ұйымдастырылып, келушілер ел әскерінің дамуы және сұрапыл соғыс жылдарының тарихымен танысуға мүмкіндік алды. Музейдегі егеменді ел болып қалыптасқан Қазақстанның қару-жарақ үлгілерінің дамуы, өткен ғасырдағы соғыс қару-жарақтары және әскери техникалардың экспонаттары  көрсетілді . Оқушылардың патриоттық сезімдерін оятуға бұл саяхат қозғау салды деп білеміз.

09.01.24